Алматы

Алматыда "Алтын Орда" базары өртеніп жатыр

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадрлар/©Instagram.com/kris.p.original

Алматыдағы "Алтын Орда" базарынан өрт шықты. Тілсіз жау бірталай аумақты қамтып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылған.

Түрлі дауға ұшырап жүрген "Алтын Орда" базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматыдағы алып базарда бүгін түске таман өрт шыққан. "Құрдас-7" аумағында будақтаған қалың түтін шыққаны туралы бейнежазба желіде тарады.

Видеодан кадрлар/©Instagram.com/kris.p.originalВидеодан кадрлар/©Instagram.com/kris.p.original
Видеодан кадрлар/©Instagram.com/kris.p.original

Бейнежаздаба өрттің базардағы ұзын қатарда орналасқан контейнерлер шатырында болып жатқаны байқалады. Өрттің аумағында сыртқа шығып жатқан адамдарды көруге болады.

"2 шілде күні 13:19-да "Алтын Орда" базарының аумағында орналасқан "Жеті құрдас" базарында үш ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Сағат 14.14-те өрт толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына ТЖ департаментінің өрт сынақ зертханасы жіберілді", — деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментің баспасөз қызметі.

Экспресс К бұған дейін Алматы болған өрт туралы жазған. Қала орталығында дәмхана отқа оранып, бірнеше адам эвакуацияланған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров