Күрес

Ертең елордада "Қазақстан барысы" турнирі өтеді

Есен ҮРКІМБАЙ

Ертең елордада астана күніне орай қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді.

Нұр-сұлтан қаласында "Қазақстан барысы" турнирінде қырыққа жуық балуан өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Барыс-Арена" сарайында қазақ күресінің бәсекесі биыл 11-ші рет өткелі отыр. Әр облыс орталығы мен еліміздегі үш ірі қаладан іріктелген 36 балуан алтын белдік пен тайтұяқ үшін күреседі. Сонымен бірге, жүлдегерлер қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады.

Бұл жолы балуандар арасында салмағы ең ауыр балуан Ерасыл Қажыбаев болып отыр. Өлшеу рәсімінде оның салмағы 163 келіні көрсеткен. Бұған дейінгі жарыстарда түркістандық Жұманазар Ерсұлтанов ең ауыр балуан атанған еді.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін балуандар бәсекесіне бұған дейін турнир жеңімпазы және жүлдегері атанған спортшылар қайтадан өнер көрсетпек. Олардың арасында Мұхит Тұрсынов, Нұрдәулет Жарылғапов, Ерсұлтан Мұзафаров сынды тәжірибелі балуандар бар.

Айта кетерлігі, екі дүркін "Қазақстан барысы" атанған семейлік Айбек Нұғымаров биылғы сынға қатыспайды. Ол осыған дейінгі барлық турнирге қатысып, 5 рет жүлдегелер қатарына қосылған болатын.

"Қазақстан барысы" турнирі ең алғаш рет 2011 жылы өтті. Алғашқы сында 64 балуан күресіп, Қызылорда облысының намысын қорғаған Ұлан Рысқұл жеңімпаз атанды. Кейін бұл нәтижесі тараздық Бейбіт Ыстыбаев үш рет қайталады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров