Өзбекстан

Маңғыстау облысындағы қазақ-өзбек шекара бекетінде өткізу пункті уақытша жабылды

Есен ҮРКІМБАЙ

Қазақстан мен Өзбекстан шекара бекетінің Маңғыстау облысындағы өткізу пункті уақытша жабылды. Аталған бекеттер қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

1 шілдеден бастап Маңғыстау облысындағы Өзбекстанға өтетін шекара бекетінің жұмысы тоқтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнеу ауданы аумағындағы "Даут ата" — "Тәжен" шекара бекеті уақытша жабылды. ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, бұл шешім Өзбекстан тарапынын қабылданған.

"2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Даут-ата" — "Тәжен" өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша "Қарақалпақия" — "Бейнеу" бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін", — деді ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Шекара бекетінің жабылуы салдарынан мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз сапарларын алдын ала жоспарлап алуы тиіс. Себебі, өткізу пунктерінің жұмысы нақты қай уақытта қосылатыны әзірге нақты белгісіз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров