Алматы

Алматыдағы Сайран су қоймасының суын ағызу туралы шешім шықты

Есен ҮРКІМБАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматыдағы Сайран су қоймасында түрлі ауру тудыратын микроорганизм анықталуына байланысты суы ағызылатын болды. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осындай шешімге келді.

Алдағы уақытта Алматыдағы Сайран су қоймасында шомылу мүмкін болмайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Осыған дейін көпшіліктің демалыс орнына айналған Сайран көлі енді сусыз қалатын болды. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су қоймасынан алынған су сынамаларын талдау нәтижелерін жария етті. Онда лакто-оң ішек таяқшалары нормасының деңгейінен асып кетуі анықталды. Енді Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті мен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ақылдаса келе су қоймасын босату туралы шешімге тоқталып отыр.

Сайрандағы судан толық арылу жобамен 2-3 күнге созылады. Сондықтан Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін біраз күнге дейін су қоймасында бұрынғыдай шошылу мүмкін болмайды. Осыған қатысты тиісті шара қабылдау үшін қаладағы аудан әкімдіктері мен полиция, төтенше жағдай департаменттерінің мамандарынан комиссия құрылған.

Су қоймасының ластану көзі толық анықталғаннан кейін қайтадан қалпына келтіріледі деп күтіліп отыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров