Антикор

Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист қамауға алынды

Бек ТӨЛЕУОВ

Видеодан кадр

Журналист-блогер Махамбет Әбжан кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат Махамбет Әбжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті,

— делінген хабарламада.

Агенттік 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде журналисттің 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынғанын мәлім етті. Қазіргі кезде Махамбет Махамбет Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

"Қаңтар оқиғасы" кезінде ол екі апта жоғалып кеткенін еске салып өтеміз. Кейін табылған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров