Әбдіжаппар Әлқожа

Беташарда ақша салған әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұрттың ашуын тудырды

Бек ТӨЛЕУОВ

Видеодан кадр

Беташар тойда жарысып ақша салу соңғы кездері сәнге айналды. Отандық эстрада өкілдерінің бірі - Әбдіжаппар Әлқожаның сондай тойдың бірінде ақша салуы көпшіліктің ызасын тудырды.

Өйткені ақша салудың өзін шоуға айналдырып жіберген, деп хабарлайды Экспресс К.

Асаба әншінің "Оригиналсың" деген әнінің ырғағымен арнау айтып, ортаға шақырған. Сол кезде Әбдіжаппар айналып табаққа 100 доллар салған. Оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.

"100 долларды мақтанып салды", "Ырбиып, билемей, тезірек тастап кетсең қайтеді", "Қылығы да, кеңпейілдігі де өзіне жарасымды", "Ақшаның да қадірі қалмапты", "Бұлар талтаңдап жүр, ал жұрттар тамаққа ішетін ақша таппайды", "Құтырып кеткен"

Биыл қыста Әбдіжаппар Әлқожаның 20 мың адамды жинап көкпар бергенін жазғанбыз. Сол тойда ол қонақтарға акуланың етін тарту еткен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров