Астық

Түркия "Жібек жолы" кемесіндегі астықтың шығу тегін зерттеуде

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

© Marine Traffic 

Түркия билігі Қара теңіздегі Қарасу портында ұсталған ресейлік "Жібек жолы" кемесіндегі астықтың қайдан шыққанын зерттеп жатыр.

Тергеу аяқталғанға дейін Ресейдің атынан қызмет көрсеткен кеме түрік портында тұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Түркия кеменің қай жолмен жүрмек болғанын да анықтауға ниетті.

Түркия "Жібек жолы" кемесімен Украинадан астық әкетуге арналған дәліздің айналасындағы жағдайға сақтықпен қарап отыр. Жақын арада Ресей, Украина және БҰҰ өкілдерінің қатысуымен астық мәселесі бойынша келіссөздер өтуі мүмкін.

Түркия билігі бортында астығы бар ресейлік "Жібек жолы" кемесін Украинаның талабы бойынша 3 шілдеде ұстаған еді.

Бұл оқиғаға қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев та пікір білдірді.

Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен айналысса, әрине, бұл шарт бұзылып, кеме кері қайтарылады,

— деді министр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров