Ипотека

Жас отбасыларға 6% үстеме ақымен ипотека алуға мүмкіндік бар

Экспресс К

elements.envato.com

Жаңа үйленгендер мен отбасы құрғандарына әлі бес жыл толмаған жанұялар жылдық үстеме ақысы 6% ипотекаға үміт арта алады. 

"Отбасы банкіндегі" "Жас Отбасы" атты жоба аясында жастарға осындай мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ең бастысы, бағдарламаға қатысу үшін отбасы мүшелерінің жасы мен бала саны рөл ойнамайды және отбасылар пәтерді жаңа тұрғын үйлерден де, ескі үйлерден де сатып ала алады. Бұдан басқа, жер телімін алып, үй салуға да мүмкіндік бар.

"Біз жас отбасыларды ынталандырып, баспаналы болуға көмектескіміз келеді. 6% дегеніміз — өте төмен үстеме ақы, сондықтан, тиімді болады. Бағдарлама Қазақстанның барлық қаласында бар және ипотеканы 6-9 жылға дейін алуға болады",

—дейді банктің баспасөз хатшысы Наталья Кутлина.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың біреуі банктен депозит ашып, кемі бір жыл ішінде бастапқы жарнаның 50% жинау керек. Уақыт өте келе, яғни, депозит мерзімі үш жылдан асқанда, үстеме ақы 5% дейін төмендейді.

Депозит жинаған кезде, банктің 2% көлеміндегі сыйақысы мен мемлекеттің жыл сайынғы 20% сыйақысы қосылады. Жас жұбайлар жеке-жеке депозит ашса, екі есе көп қаражат жинайтыны анық,

—дейді банк өкілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров