Қызылордада тапа-тал түсте мылтық ұстаған жігіт тұрғынды атып кетті


©Pixabay
Оқиға Жалағаш ауданында болған. Қару асынған жігіттің сауда үйінің алдында тұрған азаматқа оқ атқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
Алайда күдіктінің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазбадан сауда үйінің алдында 3 азаматтың әңгімелесіп тұрғаны көрінеді. Сәлден соң жандарына бір көлік тоқтап, ішінен мылтық ұстаған жігіт шығады. Ол әлгі үшеудің біріне оқ атып, артынан қуа жөнеледі.
Белгілісі, қазір атыстан бір азамат жарақаттанған.
Полиция департаментіндегілер бұл оқиға бойынша күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылып, қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды,
Сондай-ақ құзырлы органдағылар қылмыстық процеске байланысты бұдан басқа ақпарат бермейтіндерін жеткізді.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу