Мөлдір Бекеева

Суицид жасамақ болған Мөлдір Бекееваға қатысты сот басталды

Экспресс К

facebook.com/moldyr.bekeeva

Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында полиция департаментінің бұрынғы баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның соты басталды. Хатшының үстінен қылмыстық іс полиция қызметкері Мақсат Мақхамовтың арызы бойынша қозғалған. Арызданушы «ар-намысымды қорлады» деп, Бекееваны Қылмыстық кодекстің 131 бабы, 1-тармағы бойынша жазаға тартуды сұраған, - деп хабарлайды Экспресс К

Ашық сот отырысын судья Сәбит Төреханов жүргізуді қолға алған. Шағымданушы Мақхамовтың сөзінше, бірнеше ай бұрын жұмыс барысында жүрген оған баспасөз хатшысы телефон шалып, бейәдеп сөз айтып, балағаттаған.

Еске сала кетейік, осы жлдың сәуір айында Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева түрлі дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған. Осы уақытта әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хатшы қыз басшылығы қысып жасап, суицидке итермелегенін айтқан. Ол Шымкент полиция департаментінің басшысы генерал-майор Қайрат Дәлбеков баспасөз қызметі арқылы "өз иммиджін қалыптастыру үшін журналистерді сатып алғысы келді" деп айыптаған. Бекеева мұндай әрекетке барудан бас тартқаны үшін жазықты болғанын да мәлімдеген.

Мөлдір Бекееваға қылмыстық кодекстің 378 бабы, 1- тармағы (билік өкілін қорлау) бойынша іс қозғалған. Айыпталушы мұны "қажетсіз қызметкерден" құтылудың амалы екенін айтқан.

Дәрі ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған баспасөз хатшысы комаға түсіп, ауруханадан екі айдан кейін шыққан. Осы жайтқа байланысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1 тармағы (өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша тексеру бастаған. Бірақ агеттік қылмыс құрамын таппауына байланысты істі жапқан.

Мөлдір Бекеева ісіне назар аударуды өтініп, президент атына хат жазған. Ал өзіне тағылған айыпқа негіз болған аудио жазбаны Бекеева монтаждалғанын, үстінен арыз жазған қызметкердің жауапсыз әрі өзіне бірнеше мәрте жәбірлі сөз айтқанын мәлімдейді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров