Алматы

"Алтын орда" базарында таяқ жеп, кейін көз жұмған жігітті ұрған күдікті ұсталды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Күдікті 28 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол жанжалдан кейін қашып кетіп, көрші ауданда жасырынып жүрген жерінен қолға түсті.

©ДП Алматинской области©ДП Алматинской области
©ДП Алматинской области

"Қазір күдікті Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып жасалған қарақшылық) тергеу жүргізіліп жатыр, — деді Алматы облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Айта кетейік, "Алтын Орда" базарында өзінің телефонын даулаған жас жігітті өзге азамат пышақпен қорқытып, оны ұрып құлатқан. Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Кейін таяқ жеген жәбірленуші ауруханада жатып, ауыр соққыдан бақилық болды. Марқұмның соңында аяғы ауыр келіншегі қалды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров