Қайрат Нұртас

"Еркектердің бәрі сондай". Қайрат Нұртастың әйелі қызғанышын білдірді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бейнеден кадр

Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдукәрімованың әрекеттері тағы да ел назарына ілікті, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұлдыз өзінің Instagram-дағы парақшасында әнші күйеуіне деген қызғанышын әзілмен көрсетті. Сөйтсе ол Қайратты жаңадан алған қымбат автокөліктен қызғанып жүрген көрінеді.

Қалжың ретінде түсірілген видеода Қайрат көлікке қарап отырып, "неткен сұлулық" дейді. Ал бұл сөздерді Жұлдыз өзіне айтып отыр екен деп ойлап қалады.

Осы келгелі екінші болып қалдым,

— деп жазды Жұлдыз видеоның астына.

Желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздың осылай қалжыңдасып, жарасымды жұп болып жүргендеріне риза болды.

"Еркектердің бәрі сондай. Бірақ сізге деген махаббаты бөлек шығар Қайраттың","Осылай бірге жүріңіздерші. Керемет жарасасыздар","Алла жұптарыңызды айырмасын",

— деп жазды пікір білдірушілер.

Бұған дейін Жұлдыздың бөтен жігітпен билеп жүргені көпшіліктің талқысына түскен. Сондай-ақ Қайраттың анасы ұлы мен келінінің өміріне алаңдаулы екенін айтқан.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров