Президент

Шри-Ланкада көтеріліске шыққан топ президент сарайын басып алды

Экспресс К

©AP

Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында наурыз айынан басталған көтерілістің қарқыны одан сайын күшейе бастады, деп хабарлайды Экспресс К.

BBC NEWS-тің мәліметі бойынша тұрғындар елдегі экономикалық дағдарысқа наразылық білдіріп, көшеге шыққан. Мыңдаған адам полицейлердің қорғаныс шебін бұзып өтіп, президенттің резиденциясына басып кірген.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан ғимараттағы президенттің бөлмесінде бөтен адамдардың тобын көруге болады. Ал кейбіреулері резиденциядағы бассейнге шомылып жүр. Шри-Ланка президенті Готабай Раджапакса мұндағы үйін өткен жұмада тастап, қашып кеткен. Кейбір ақпарат көздері оның ел астанасынан ұшып кетуге ниетті екенін жариялаған болатын.

22 млн халқы бар мемлекеттің қазір экономикасы құлдырап кетті десе де болады. Мұнда жанармай, дәрі-дәрмек және тұтынушылық өнімдердің тапшылығы қатты сезіледі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров