Кәрім Баратов

АҚШ-та сотталған ауқатты қазақстандық туралы не білеміз?

Фархат ӘБІЛОВ

Кәрім Баратов / instagram

2018 жылы АҚШ-та Қазақстан тумасы Кәрім Баратов бес жылға сотталған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

27 жастағы жігіттің қымбат көліктері мен байлыққа толы өміріне күллі әлем қызығатын.

Қазақстанда туылған Кәрім Баратов сотталғанға дейін Канадада тұрды. Ол өзінің Mercedes, BMW, Aston Martin, Lamborghini және Porsche кабриолеттерімен тек қыздардың ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын да тудырды. Ол брендтік киімдер киіп, 22 жасында Канадада аты шулы ойын-сауық кештерін ұйымдастырды.

Кәрім Баратов / instagram

2018 жылы Канада Корольдік полициясы АҚШ Әділет министрлігінің өтінішімен Кәрім Баратовты Анкастер қаласындағы зәулім үйінде кибершабуылдарға қатысы бар деген күдікпен ұстап, кейін оны АҚШ-қа экстрадициялаған. ҚР СІМ оның Қазақстан тумасы екенін, бірақ 2011 жылы азаматтықтан бас тарту туралы өтініш жазғанын растады.

Ол сотталғанға дейін әлеуметтік желіде белсенді болды. Қазір оның жеке парақшасы бұғаттаулы. Тағы бір әлеуметтік желіде оның алғашқы миллионын 15 жасында Қазақстанда тапқаны айтылады. Тіпті мектепке BMW көлігімен барған.

Небәрі 22 жасында атышулы қылмыскер атанған Кәрім Баратовтың тағы да үш сыбайласы бар. Барлығы — хакерлер. Олар әлеуметтік желі арқылы миллиондаған адамдардың жеке деректерін тауып, сатып, ақша тауып отырған.

Жарты миллиардтан астам адамның жеке деректерін жинаған. Өз үйінде ұсталды. Ешқандай қарсылық болмады. Оны ұстау бойынша өтініш бірнеше агенттіктен түсті,

— деді Торонто полициясының өкілі Марк Пугаш.

2018 жылдың мамырында Кәрім Баратов кибершабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылып, АҚШ округтік сотының үкімімен бес жылға сотталды. Айтпақшы Баратовтың сыбайласы ретінде Ресей Федералды қауіпсіздік (ФСБ) қызметінің екі қызметкеріне іздеу жарияланды. Бірақ ресми Кремль олардың ФҚҚ қатысы жоқ екенін хабарлаған болатын.

Баратовтың 2 млн 200 мың доллар айыппұл төлейтінін еске сала кетейік. Ол келесі жылы бостандыққа шығады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров