Қоғам

"25-тегі жігіттен жақсы шабады". 50-дегі журналистке тиген жас қыз елді шулатты

Серікқазы АЯЗБАЕВ

tiktok.com/danaraimzhanova

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде егде жастағы ер адам мен жас қыздың бірге түскен видеолары қызу талқылануда. Ел назарын аударған ерекше жұп өмірде ерлі-зайыптылар екені белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Отағасы, белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те. Таяуда ғана бас қосқан жас жұбайлардың романтикаға толы бейнежазбалары Tiktok желісін жарып жатыр. Бірақ өзінің әкесіндей адамға тұрмысқа шыққан өрімдей арудың таңдауын халық түсіне алмай әлек.

50-дегі журналистке тиген жас қыз елді шулатты / tiktok.com/danaraimzhanova50-дегі журналистке тиген жас қыз елді шулатты / tiktok.com/danaraimzhanova
50-дегі журналистке тиген жас қыз елді шулатты / tiktok.com/danaraimzhanova

"Қандай әдемі жас қыз. Шалға тиіп не күн туды екен?", "Мынау таза ақша үшін тиген ғой. Не болса да бақытты болсын", "25-тегі жігіттерден жақсы шаба ма? Бұл кісінің артықшылығы неде?"

— деп сұрақ қойды желі қолданушылары.

Оқырмандарды қызықтырған сауалға орта жастағы журналистке тиген жас қыз нақты жауабын берді.

Белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те / tiktok.com/danaraimzhanovaБелгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те / tiktok.com/danaraimzhanova
Белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те / tiktok.com/danaraimzhanova

"Сана-сезіміңнің төмендігін-ай. Артықшылығы: қамқор, ақылды, тастап кетпейді. Бетімнің әдемілігін ғана емес, барыммен жақсы көреді",

— деді Дана Райымжанова.

Келіншегіне бағытталған желідегі жұрттың сыни пікірі 50 жастағы отағасының құлағына жеткен. Жас қызды жар еткен Серік Әбдуәлі өзінің асаба, тілші екенін айтып, арнайы видео да түсірген. Сондай-ақ ол артықшылығын өлеңмен жеткізіпті.

Шал емеспін, еркекпін,

Бағалай білсең, еркекті.

25-тегі жарымды

Өмірімнің көркі еттім...

Баланың қамын ойлаған,

Бабаның жолын қуады.

50-дегі еркектен,

Абадан ұрпақ туады,

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров