Шоу-бизнес

Ата-анасынан ерте айырылған "Музарттық" Кенжебек туған күнінде еңкілдеп жылады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Видеодан кадр

Күні кеше "Музарт" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов 40 жасын қазақ өнері өкілдерінің ортасында дүркіретіп атап өтті. Әріптесінің мерейтойында ақ тілегін айтқан Сәкен Майғазиев туған күн иесінің ауыр тағдырын да баяндады, деп хабарлайды Экспресс К

Кенжебек отбасындағы 17 баланың кенжесі екен. Бірақ оның балалық шағы сынаққа толы. "Музарт" тобының әншісі 6 жасында әкесінен, 16 жасында анасынан айырылады. Қаршадайынан қиындық көрген Кенжебектің тағдырын сахнадағы серігі Сәкен Майғазиев елге айтып берді.

Кенжебек отбасындағы 17 баланың кенжесі екен / instagram.com/kenzhebekmuzartКенжебек отбасындағы 17 баланың кенжесі екен / instagram.com/kenzhebekmuzart
Кенжебек отбасындағы 17 баланың кенжесі екен / instagram.com/kenzhebekmuzart

"Кенжебекті де, Жәмиләны да аналары еміреніп еркелетпегеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Кенжебек 6 жасында әкесінен айырылса, 16 жасында анасы бақилық болды. Жәмила ес біліп, етек жиған шағында аяулы анасы фәниден көшті. Екеуінің анасы біздің де аналарымыз. Көзін көрдік. Омырауын ембесек те туған баласындай біз де сағынамыз. Өте жақсы адамдар еді. Бір-бірін толықтырып, ыммен ұғынысып, қиындықты да, қуанышты да бірге көріп, баянды ғұмыр кешіп келе жатқан екі жасты Алла тағала тіл-көзден сақтасын. Ақ Кенжешіміз 40 жасқа толып, дос-жаранын жинады. Жасыңа жас қосып, ақ Жәмимен бірге қартайыңдар, ақ Кенжеш", деді Сәкен Майғазиев.

Бұл естеліктер ойына түскен Кенжебек туған күніне жиналған елдің алдында еңкілдеп тұрып жылады. Ата-анасынан ерте айырылған Жанәбіловті желідегі жұрт жылы лебіздерімен жұбатып әлек.

"Сәкен мырза, сөздің майын тамызып, Кенжебектің ебіл-себілін шығардыңыз-ау", "Жылама, жаным, бауырым", "Кенжебектің көз жасы тек қуаныштан болсын. Айналайын, ата-анаң есіңе түсіп тұрған болар. Сені көріп менің де көңілім бұзылып кетті",

— деп жазды оқырмандары.

Кенжебек Жанәбілов 2005 жылы "Музарт" тобының құрамына қабылданып, бірден халықтың сүйікті әншісіне айналды / instagram.com/kenzhebekmuzartКенжебек Жанәбілов 2005 жылы "Музарт" тобының құрамына қабылданып, бірден халықтың сүйікті әншісіне айналды / instagram.com/kenzhebekmuzart
Кенжебек Жанәбілов 2005 жылы "Музарт" тобының құрамына қабылданып, бірден халықтың сүйікті әншісіне айналды / instagram.com/kenzhebekmuzart

Естеріңізге сала кетсек, Кенжебек Жанәбілов 2005 жылы "Музарт" тобының құрамына қабылданып, бірден халықтың сүйікті әншісіне айналды. Бүгінде өнер иесі мен жұбайы Жәмилә екі ұл, екі қыз, яғни төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров