Сот

Адам өлімі үшін Америкада 40 жылға сотталған қазақ қызы Қазақстанға әкелінбейді

Фархат ӘБІЛОВ

Әсел Әбдіғаппарова

АҚШ-та адам өлімі үшін сотталған қазақстандық Әсел Адығаппарова Қазақстанға экстрадицияланбайды, деп хабарлайды Экспресс К.

2001 жылы Американың Сан-Антонио қаласында АҚШ азаматшасы Роза Росадо ұрланады. Үш баланың анасын көлікпен келе жатқан қазақстандық Әсел Адығаппарова, оның жігіті Рамон Ернандес пен танысы Сантос Минерез күштеп көлікке мінгізіп, ақша талап етеді. Әйелде қолма-қол ақша болмай шығып, оны қонақ үйге апарып қинайды, кейін өлтіреді. Қазақ қызы әйелді өлтіруге қатыспайды,тек көмектеседі. Сыбайластары Әселді дүкенге екі рет жіберген — скотч сатып алу үшін, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін еден жуатын химиялық заттар әкелу үшін.

Бірақ отандасымыз полиция бөлімшесіне өзі барып, қылмысын мойындап, әйелді көмген жерді көрсетіп, тіпті сыбайластарын ұстап береді.

Мен жүкті болатынмын. Ұйықтап кетіп, кейін көзімді ашсам екеуі бейтаныс әйелді көлікке итеріп жатыр. Мені дүкенге жібергендері рас,

— деді сотта отандасымыз.

Әсел Америкаға 1998 жылы Сан-Антонио университетінде магистратурада оқу үшін барған. Ол шетелде Рамон Ернандеспен танысып, одан жүкті болып қалады. Сот отырысы кезінде оның аяғы ауыр болатын. Ол баласын түрмеде босанды.

АҚШ соты отандасымызды кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Әсел сот үкіміне шағым түсірді. Соңғы рет сот оның жазасын қырық жылға дейін азайтты.

48 жастағы отандасымыз жазасын АҚШ түрмесінде өтеп жатыр. ЭК ресми сауалына жауап берген ҚР Бас прокуратурасы, Әсел Адығаппарованың Қазақстанға әкелінбейтінін айтты

Біздің сотталған азаматшамыз А.Адығаппарованы 1993 жылы 9 маусымдағы Шетелде қылмыстық жазасын өтеу туралы америкааралық конвенцияға немесе өзара түсіністік қағидатына сәйкес АҚШ-тан Қазақстанға ауыстыру жүзеге асырылмады,

— деді Бас прокуратура өкілі Бауыржан Құрманов.

Әселдің екі сыбайласы біреуіне өлім жазасы қолданылса, екіншісі түрмеде қайтыс болды. Айтпақшы, Әселдің жігіті осыған дейін ағайынды екі қызды зорлап, кейін тұншықтырып өлтірген болып шықты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров