Есірткі

Алматы облысында тәртіп сақшылары есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі

Экспресс К

Видеодан кадр

Талдықорған қаласының маңында ауыр есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 шілде күні "Алматы-Өскемен" тас жолында полиция қызметкерлері Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған "Daewoo Lacetti" көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында синтетикалық есірткіге жататын төрт полиэтилен пакетке салынған 2 келі мефедронды тапты.

"Қазіргі уақытта 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚК-тіің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мұхамедов.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров