Қылмыс

Қонаев маңынан есірткі зертханасы анықталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Алматы облысының полицейлері синтетикалық мефедрон препаратын өндіріп келген жасырын зертхананы анықтады. Күдікті үш жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Синтетикалық мефедрон препаратын өндіруге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған зертхана Қонаев маңынан табылды. 20-дан енді асқан үш жігіт жастардың арасында кең танымал есірткіні жасаумен айналысқан. Тінту барысында полицейлер сұйық және ұнтақ тәрізді заттар салынған көптеген пластик ыдыстарды тапты.

ПД баспасөз қызметі

"Тәркіленген заттардың жалпы массасынан сынамалар алынды. Сараптама оны мефедрон есірткі заты деп таныды. Оның жалпы салмағы 52,86 граммды құрайды. Сонымен бірге, арнайы операция барысында жалпы саны екі тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр", — деді Алматы облысы ПД басшысы.

ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі уақытша ұстау абақтысына қамалса, қалған екеуіне қатысты "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

ПД баспасөз қызметі

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров