Шоу-бизнес

Таразда көшеге Мұзарт атауы беріледі. Әйгілі топқа қандай қатысы бар?

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/kenzhebekmuzart

Алдағы уақытта Тараз қаласында көптеген көше атаулары өзгереді. Аталмыш шаһардағы жаңа көшелердің тізіміне "Мұзарт" атауы да лайық деп танылған, деп хабарлайды Экспресс К желідегі Ашық үкімет ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қаладағы көшелерге қазақша атау беру туралы идея әр азаматтың ой-пікірін ескеріп, көпшіліктің ұсынысымен жүзеге асқан. Өзгеретін көше атауларының тізімінде көптеген танымал тұлғалар бар. Мәселен, Құдайберген Сұлтанбаев, Құман Тастанбеков, Батырхан Шүкенов және бұл қатарға "Мұзарт" атауын да қосыпты.

Осы орайда Экспресс К тілшісі "Музарт" тобының әншілеріне хабарласып, аталған ақпаратқа қатысты пікірін білді.

"Мен бұл жаңалықтан бейхабар екенмін. Негізі қызық екен. Бірақ "Дос-Мұқасан" ансамблі, "Тараз" триосы тұрғанда бізге әлі ерте шығар деп ойлаймын. Адам емес тарих сөйлейді ғой, тарих бағасын береді. Лайық па, лайық емеспіз бе, оны да білмейміз. Кезінде "диссертацияны "Музарт" тобы туралы жаз" деген кезде бас тартқан болатынмын. Біз әлі оған жеткен жоқпыз деп. Сол сияқты көше атауын беру, ескерткіш қою деген ерте сияқты. Кейін 100 жылдан соң жақсы жақтарымыз болса есіне алып, ескеріп жатса ренжімейміз. Қазір соншалықты елге еңбегімізді сіңіре қойдық деп ойламаймын", — дейді "Музарт" тобының солисі Сәкен Майғазиев.

Таразда көшеге Мұзарт атауы беріледі / instagram.com/kenzhebekmuzartТаразда көшеге Мұзарт атауы беріледі / instagram.com/kenzhebekmuzart
Таразда көшеге Мұзарт атауы беріледі / instagram.com/kenzhebekmuzart

Алайда, Тараздағы көшеге берілген "Мұзарт" атауы қазақ эстрадасындағы әйгілі музыкалық ұжым — "Музарт" ансамбліне қатысты емес екен. Бұл туралы Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасы ресми жауап берді.

"Тараз қаласының 77 құрамдас бөлігіне атау беру, қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында мақұлданған "Тарихи тұлғалар", "Жер-су атаулары" мен "Дәстүрлі атаулар" тізімдерін қатаң басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілді. Мұзарт — таудың мұз қатқан шыңы. Бұл атау "Дәстүрлі атаулар" тізімдерінен алынған", — делінген ресми хабарламада.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров