Newscorr

Каспий теңізінде көптің көзінше жыныстық қатынас жасағандар видеоға түсіп қалды

Экспресс К

Видеодан кадр

Каспий теңізінде жыныстық қатынасқа түскен еркек пен әйелдің әрекетін жағалаудағы жұрт видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К

Аталған бейнежазбаны Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдады. Теңізде демалып жүрген қыз бен жігіт ыңғайсыз жағдайға қалды. Видеодан сапбордқа отырған екеу теңіз жағалауынан сәл алыстасымен бірден жыныстық қатынасқа түскенін анық көруге болады.

Қоғамдық орында екендерін ұмытқан қыз бен жігіт махаббат, я болмаса уақытша сезімдерге масайрап жүріп, теңіз үстінде жыныстық қатынасқа түскен. Масқарасы сол, ел көзінен таса жерде жүрміз деп ойлаған екеудің әрекетіне демалушылардың біразы куә болған.

Каспий теңізінде жаз басталысымен сапборд спортының маусымы қыза түседі. Әйдік спорт түріне қызығушылық танытатындардың дені негізінен жастар. Арасында әңгімесі жарасқан жұптар да, бірге барып теңіз бетінде сейіл-серуен құрып жатады. Мына еркек пен әйел де сондай кездейсоқ бас қосқандардың бірі болса керек.

Бұл жолғы махаббат кейіпкерлері теңізге шыққанда аздап жел болып толқын тұрған. Алайда табиғаты құбылысы жігіт пен қызға еш кедергі келтіре алмады. Алып ұшқан сезімнің соңы аймаласуға ұласып, соңынан ләззатқа батқан.

Жағалауда демалушылар аз болса да оларды таспаға түсіріп алғанын олар еш байқамады.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров