Зорлық

Зорлық құрбаны бола жаздаған қызды құтқарған такси жүргізушісі сұхбат берді

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

instagram.com/gulmir_ktk

Соңынан бірнеше жігіт қуған қазақ қызын құтқарып қалған такси жүргізушісі оқиғаны бастан-аяқ баяндап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бойжеткеннің және елдің алғысына бөленген азаматтан белгілі журналист Гүлмира Абықай сұқбат алған. Оның айтуынша, қызды қатерден құтқарып қалған жігіттің аты — Рүстем Көшербаев. Инженер-құрылысшы болып қызмет етеді екен. Сол түні Рысқұлов маңындағы тұйық көше Бродскийге бұрыла бергенде байғұс қыз көлік алдынан атып шыққан.

instagram.com/gulmir_ktkinstagram.com/gulmir_ktk
instagram.com/gulmir_ktk

"Елсіз көшеден жанұшыра көлікке жүгірген қызды көргенде, ең алдымен, артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. "Қайдан шықты? Не болды екен?" деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамдағы рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті", — дейді таксиші.

Ол тілшіге қыздың сол кездегі хал-жағдай туралы да баяндап берген.

"Жасы 22-де. Ұзынағаштың қызы екен. Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, "бізбен жүр, жол-жөнекей жеткізіп тастайық" деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. "Алайда, таксист айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетті. Жігіттер сол маңдағы ескі үйге қарай сүйреді" дейді. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Истерикасы тоқтаған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым", — дейді Рүстем.

Ол мұндай оқиғаға бірінші рет жолығып тұрмағанын да жасырмады.

instagram.com/gulmir_ktkinstagram.com/gulmir_ktk
instagram.com/gulmir_ktk

Осыған ұқсас оқиға шамамен 4 рет болды. Көбіне, тас жол бойында бойында жігіт пен қыз келіспей ұрсып қалады, ашумен тоқтатады. Көмек сұраған адамның қолын қайтармаппын,

— дейді ол.

Таксиші интернетте жария болған видеоның астына жазылып жатқан жағымды пікірлерді оқып таң қалғанын әрі ұялып кеткенін айтады.

Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын. Бұл жай адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса, дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшем қылмыстан аулақ болса екен деймін,

— деп түйіндеді ел алғысын алған азамат.

Экспресс К бұған дейін қазақ қызын топ жігіт жабылып зорламақ болғаны туралы жазған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров