Заңсыздық

Талдықорғанда мыңнан астам адам пәтерге заңсыз жолмен ие болған

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

©Pixabay

1062 пәтер заңсыз үлестірілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның 680-ін әлеуметтік аз қамтылған азаматтар, 383-ін мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік сала мамандары иеленген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көпбалалы аналарға да тұрғын үйлері бола тұра пәтер кілттері табыс етілген. Ал олар мемлекет берген баспананы жалға беріп табыс тауыпты.

Пәтер үлестіру 2013 жылдан басталған. Қазастан заңнамасына қайшы келетін әрекетті жүзеге асырып келді. Қазір комиссия осы дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр,

— дейді әкімдіктегілер.

Жарты жыл ішінде қорытындысы шығарылып, заңсыз берілген пәтерлер мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров