Шоу-бизнес

60 жасқа тақаған Шахизада көпшілікке артын көрсетіп, бөксесін бұлғаңдатып биледі

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/shahizada.art

Соңғы кездері Шахизада жұрттың назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы орта жастағы әнші көпшіліктің көзінше бөксесін бұлғаңдатқан, деп хабарлайды Экспресс К

60 жасқа тақаған Шахизада әлеуметтік желіде өте белсенді. Ол сахналық киімдерін жұртқа жарнамалап, түрлі видеоларды жүктейді. Әншінің Instagram-ға салған соңғы посты бірден интернеттегі елді елең еткізді. Аталған бейнежазбада Шахизада 400 мыңға жуық оқырманына артын көрсетіп, бөксесін бұлғаңдатып билеген. Өнер иесінің бұл әрекетіне халықтың бір тобы сыни көзбен қараса, енді бірі мақтап жатыр.

"Уау, жарайсыз, апай", "Волочкованың фигурасындай", "Әй, әпшем-ай"

— деп жұрт эмоциясын түрлі смайлик арқылы білдірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров