Жанжал

Хиджап киген келіншек дүкенде төбелес шығарды

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Magnum дүкенінде орамалды келіншек кезек үшін төбелес шығарды, деп хабарлайды Экспресс К

Азық-түлік дүкенінде кезекте тұрғанда келіншектер арасында жанжал шығып, оларды күзетші арашалап қалды. Желіде тараған бейнежазбадағы оқиға кеше кешкілік болған.

Ымырт қараңғысында дүкен кассасында ұзын-сонар кезекте тұрғандар арасында күтпеген жерден басталған ұрсыстың соңы төбелеске ұласты. Нәзік жандардың ерегесі күрделене түседі деп ойламаған күзетші оларды күштеп болса да тәртіпке шақыруға мәжбүр болды.

Кас маңында өз кезегінен тыс алдыға қарай өтіп кеткен қыздың әрекетіне шыдамаған орамалды келіншек айғайға басып, ешкімге дес бермеген. Сонында ол қол жұмсауға тырысып, "қарсыласына" мәселені шешу үшін далаға шығуын сұрады.

"Жүр далаға! Мәселені шешеміз", — дейді екі білегін түріп алған орамалды келіншек.

Алайда оқиға соңында олар тынышталған. Кезек үшін біраз ылаң салған орамалды келіншектің әрекетін желіде талқыға салып, соңынан оның имандылық келбетін сөз еткендер сыни пікірлерін айтты.

"Орамал кигеннің бәрі иманды емес", "Адам бастапқыда қандай болса өлгенше солай болып қалады", "Орамал әншейін образ", "Дұрыс, есесін жібермеу керек" деген мағынадағы пікірлер қалдырған.

Алайда оқиғаның қай қалада болғаны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Ал көпшілік бұл жанжалдың Алматыда болғанын жазған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров