Зорлық-зомбылық

Алматыда ер адам досының қызын зорламақ болды

Экспресс К

© Depositphotos

Досының кәмелет жасқа толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Экспресс К Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында ер адамның туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келгені анықталды. Барлығы ұйықтап кеткен кезде қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болады.

Қыз бала оны көріп айқайлай бастайды. Қыздың дауысынан оянған әкесі мен ағасы дереу полиция шақырып, күдіктіні ұстап берді. Арам пиғылы әшкере болған қылмыскер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Аталған дерек бойынша күдікті ҚК-тің 120-бабы 4-бөлігіне (Зорлауға оқталу) сәйкес айыпталды,

— деп мәлімдеді ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Тергеуші жинаған дәлелдер сот шешім шығару үшін жеткілікті деп танылды. Алматы қаласы Алатау аудандық соты ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров