Ұрлық

ШҚО-да ер адам зейнеткердің 3,5 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің үйіндегі сейфінен 3,5 миллион теңгесін үптеп кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К

Polisia.kz сайтының жазуынша, Глубокое ауданының полиция бөліміне 72 жастағы кейуананың өзі хабарласып, оның 3,5 миллион теңгесін қонаққа келген танысы ұрлап кеткенін айтқан. Ер адам әжейдің жатын бөлмесінде тұрған сейфтің құлпын бұзып ашып, ондағы бар ақшаны алыпты.

ПД баспасөз қызметі

Осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,

— деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров