Владислав Челах

Челах пен Күлекбаевқа діни кітаптар табысталды

Есен ҮРКІМБАЙ

ПД баспасөз қызметі

Қостанай облысындағы ең қауіпті қылмыскерлер отырған түрмеге электронды діни кітаптар берілді, деп хабарлайды Экспресс К

"Қара бүркіт" түрмесіне сотталғандар үшін электрондық кітаптар табысталды. Аталған түрмеде Владислав Челах, Руслан Күлекбаев сынды жазасын өтеушілердің енді жаңа кітаптарды оқуға мүмкіндігі бар.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қостанай облысындағы ҚАЖД "УК-161/3 мекемесі" РММ кітапхана қорына өмір бойына сотталғандарға арналған діни мазмұндағы әдебиеттерден тұратын электрондық кітаптар да енгізіледі.

Айта кетерлігі, жазасын өтеушілер үшін діни кітаптардан басқа да авторлардың шығармалары бар. Олар кітап оқи отырып, діни білімін жетілдіріп, радикалдық идеологияға иммунитет қалыптастыра алады.

Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесінде отырған Владислав Челах 2012 жылы Арқанкерген оқиғасында 14 адамды өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айрылған еді. Ал Руслан Күлекбаев 2016 жылы Алматыда 8 полиция қызметкері мен 2 тұрғынды атып өтірген. Кейін сот оны өлім жазасына кесті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров