Қылмыс

Ақтауда қызын өлтірген әйелге қатысты апелляциялық сот үкімі шықты

Есен ҮРКІМБАЙ

facebook

Маңғыстау облыстық соты 3 жастағы баласын өлтірген әйелге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Экспресс К

Қылмыстық істер жөніндегі облыстық сот алқасы кішкентай қызын өлтірген әйелге қатысты үкімді қайта қарады.

Қаңтар айында Ақтау тұрғыны өзінің кішкентай қызын саналы түрде ұрып, қатты итеріп жіберген. Ішімен қатты соғылған үш жастағы қыз қарнынан зақым алған. Алайда араға төрт күн салып шешесі ашулы күйде оны тағы да ішінен жұдырықпен ұрған. Сол күні үйінде қараусыз тастап кеткен қыз түн ішінде қайтыс болды.

Баласын өлтірген ана өзінің кәнісін толық мойындаған. Ол өзінің әрекетін абайсызда болғанымен түсіндірді. Маусым айында өткен сот отырысында марқұмның анасы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмысқа барған ана өзіне қатысты сот үкімін қайта қарауға шағым түсірген.

Апелляциялық сот алқасы үкімнің заңды және негізді шығарылғанын, оны өзгерту немесе оның күшін жою және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыру үшін негіздер жоқ екенін анықтады,

— дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Экспресс К бұған дейін Ақтаудағы кішкентай қыздың өлімі туралы жазды. Онда 3 жастағы қызды ақтаулық әйелдің азаматтық некедегі күйеуі өлтірген болуы мүмкін екендігі туралы туыстары жорамал айтқан болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров