Қария

"10 мың теңгеге иіскеп беремін" деп шулатқан шал оқиғаның қалай болғанын айтты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Бұған дейін жас қызға қырындап, қасынан қалмай тиіскен егде жастағы ер адамның әрекеті жұрт талқысына түскен еді. Араға уақыт салып, ол сол күнгі оқиғаның қалай болғанын, не үшін мұндай қадамға барғанын айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К

Егде жастағы ер адамның сол күнгі оқиға жайлы әңгімесі әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада ол әлі күнге ұялатынын айтады.

Ертеңінде полиция іздеп келген. Үйдегілер білмейміз деді. Таныс бар еді, соған хабарластым. Ол бастығына ескертіп, сұраймын деді. Кемпірім бар, ұят болды. Майор да айтып жатыр "бір жолға кешірейік, жас бала болғаныңда 20 жылға кететін едің" деп,

— дейді ол бейнежазбада.

Тіпті камера ұстаған жігіттердің "сол сәтте қыз көнсе не істер едіңіз?" деген сауалына, үнсіз арам пиғылын жасауға ниетті екенін байқатады. Бірақ бұл әрекетке мастықпен барғанын мойындап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Экспресс К ересек адамның жас қызға ақша ұсынып, жөнсіз тиіскен әрекеті жайлы жазған еді. Кейін Теміртаулық полицейлер 65 жастағы маньяк шалды ұстады. Бірақ ол 60 мың теңге айыппұл төлеп, құтылып кеткен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров