Зорлық-зомбылық

"Араққа айырбастаған". Петропавлда қыз зорлаған топ жайлы тың дерек шықты

Экспресс К

 Коллаж ЭК

Жәбірленушінің көршілері зорлықшы топты қатаң жазаға тартып, қыздың өзін арнайы интернатқа орналастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің екеуінің есімін анықтады. Ал көршілері зорланған қыздың қамқоршысы жоқ екенін айтады.

"Анасы моральдық зияны үшін өтемақы талап етемін деп үйін басына көтереді. Ал зорлық көрген қыз байғұстың қандай жағдайда екенін ойлаудың өзі қорқынышты. Оған қойылған диагнозбен интернатқа орналастырған дұрыс болар еді. Бірақ оның шаруасын кім қолға алады? — дейді көршілердің бірі.

Петропавлда зорланған қыз тұратын үй / © ЭКПетропавлда зорланған қыз тұратын үй / © ЭК
Петропавлда зорланған қыз тұратын үй / © ЭК

Экспресс К тілшісімен сөйлескен көрші әйел жәбірленушінің күтімі мәз емес екенін айтты. Оның тамағы мен киімі көршілерінің мойнында екен. Ал аурушаң анасының қызы емес, қарақан басын алып жүруінің өзі қиынға айналған.

Полиция зорлыққа қатысы бар деген екі күдіктіні тұтқындаған. Бірақ қызды олардың уысына түсіруге көмектескен үшінші адам әлі бостандықта жүр.

"Қызды пәтерге алдап алып барған адам әлі үйінде. Оның бірде-бір көршісімен сөзі жарасқанын көрген емеспіз. Жасы қырықтар шамасында. Бұған дейін де оның әлгі екеуіне әйел ертіп келгенін көретінбіз. Ана қызды да солай алып барып, бір шөлмек араққа айырбастап жіберген", — дейді көрші әйел.

Басынан өткен сұмдық оқиғадан кейін кембағал қыз үйден шығудан қалған. Көршілері жағдайын сұрағанда "өзіне-өзі келуге тырысып жатқанын" айтумен шектеледі екен.

Полиция қызметкерлері қыз зорлау оқиғасы бойынша арыз 3 тамыз күні тіркелгенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 2-бабының 1-тармағына сәйкес "адам зорлау" дерегі тіркелді. Аталған іс бойынша 1974 және 1990 жылы туылған Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынының есімдері анықталды. Қалған мәлімет тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды", — деп мәлімдеді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров