Батыр

Автобуста әйелге араша түскен жігіт туралы не білеміз?

Экспресс К

Telegram

24 жастағы Райымбек Медетбек әйелдің бұрынғы күйеуімен төбелесемін деп қолын жарақаттап алған, деп хабарлайды Экспресс К Telegram-дағы Qumash каналына сілтеме жасап.

Сол күні Райымбек шаштараздан үйіне бара жатқан. Қоғамдық көлікке бірге кірген ер мен әйелдің қарым-қатынасы күмән туғызған. Жігіттің айтуынша, ер адам ашулы көрінді.

Ер адам қол көтерген бойда Райымбек бірден тұрып, оның артынан бас салып ұстады. Дәл осы кезде қарсы тұрған жігіт ер адамды тепкілей бастады.

Қоғамдық көлік тоқтаған бетте төбелеске қатысушылардың барлығы автобустан шығып кетті. Райымбек пен ондағы жолаушылар полиция келгенше күдіктіні ұстап тұрған.

Ертеңінде Райымбектің қолы ісіп кетті. Ауруханаға барғанда оған сүйегінде жарықшақ пайда болғанын айтады. Райымбек Медетбек әкімдікте, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасында жұмыс істейді. Үйленбеген, дегенмен сүйіктісі бар,

— деп жазды Telegram канал.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров