Жол апаты

Маңғыстауда жол апатынан бір адам қаза тауып, екі көліктің күлі көкке ұшты

Экспресс К

Видеодан кадр

Жол-көлік оқиғасы 5 тамыз күні сағат 09:00 шамасында Маңғыстау облысындағы Жетібай-Шетпе тас жолында болған. Бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Маңғыстау облыстық ПД-нің мәліметінше, Жетібай-Шетпе тас жолының 96-шы шақырымында екі УАЗ және "Toyota Prado" маркалы көліктері соқтығысты.

Шетпе ауылына қарай бет алған УАЗ көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Prado көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі көлік те өртке оранды,

— деп мәлемдеді департаменттегілер.

Рашид Исмагилов жанып жатқан көліктердің видеосын желіге жүктеді.

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам жарақат алып, УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек ҚК-тің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес Маңғыстау облысының полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,

— делінген хабарламада.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров