COVID-19

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны шамалы азайды

Экспресс К

©AP/John Minchillo

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 5 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2197 жағдай тіркелді. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 382 адамға азайғанын көрсетеді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 364 844 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 579,

Алматы қаласында — 337,

Шымкент қаласында — 29,

Ақмола облысында — 103,

Ақтөбе облысында — 74,

Алматы облысында — 30,

Жетісу облысында — 74,

Атырау облысында — 43,

Шығыс Қазақстан облысында — 33,

Абай облысында — 30,

Жамбыл облысында — 60,

Батыс Қазақстан облысында — 90,

Қарағанды облысында — 341,

Ұлытау облысында — 25,

Қостанай облысында — 88,

Қызылорда облысында — 57,

Маңғыстау облысында — 39,

Павлодар облысында — 89,

Солтүстік Қазақстан облысында — 47,

Түркістан облысында — 29.

Қазақстанда 2287 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 323 019 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 5 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 562 103 адам, 2 — ші компонентін 9 341 536 адам салдырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров