Құтқарушылар

Алматыда суға құлаған жігітті үш адам құтқарып алды

Есен ҮРКІМБАЙ

instagram.com/100baksoff_video_

 Алматыда суға батқан жігітті үш адам құтқарып қалды, деп хабарлайды Экспресс К

Қаладағы Есентай өзеніне серуендеп жүрген жігіт құлап кеткен. Суға батып бара жатқан оны байқаған тұрғындар құтқаруға бірден ұмтылды. Желіде тараған бейнежазбада киімшең адамды жағаға шығарып жатқаны анық байқалады.

Зардап шегуші ішімдік ішкен болуы мүмкін. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында ер адам өлімнен аман қалды. Ол өзенге абайсызда құлап кетіпті.

Экспресс К бұған дейін Маңғыстау облысында суға кеткен үш жігіт туралы жазды. Сонымен бірге, Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне түсемін деп ажал құшқан болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров