Кәсіпкер

Оралда кәсіпкерге пышақ сұғып, қастандық жасаған сәттің бейнежазбасы тарады

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Оралда кәсіпкерді өлтірген екі күдіктінің тағы бір бейнежазбасы тарады. Видеода олар дәмхана ішінде кәсіпкермен әңгімелесіп, артынша белгісіз затты бірнеше рет сұғып алған, деп хабарлайды Экспресс К

Кәсіпкерді дәмхана ішінде жарақаттаған бейнежазбаны Михаил Казачков Тelegram-арнасында жариялады. Видеода қара киімдегі екі жігіттің кәсіпкермен әңгімелесіп отырғанын көруге болады.

Көп ұзамай күдіктілердің бірі көз жұмған Еркін Мұқанғалиевтің жанына отырады. Ал екіншісі оның мойын тұсынан белгісіз затпен ұрады. Сол сәтте жерге қан аққанын байқайсыз. Терезеден секіріп қашпақ болған бизнесменді әлгі күдікті бірнеше рет жарақаттаған. Артынша екеуі де сыртқа жүгіреді.

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін Оралда көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кеткенін жазды. Кейін 48 жастағы кәсіпкерге қастандық жасаған күдіктілердің қашқан сәті бейнекамераға түсіп қалған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров