Суицид

Тергеу изоляторынан өлі табылған генерал-майордың соңғы хаты табылды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматыдағы тергеу изоляторында денесі табылған генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдындағы жазған хаты жарияланды. Онда марқұм өз өліміне кімдердің кінәлі екенін көрсетіп кеткен, деп хабарлайды Экспресс К

Генерал-майордың өлер алдында жазған хатын журналист Михаил Козачков Тelegram-арнасында жариялады. "Өлім алдындағы арыз-шағым" деп басталған хатта марқұм өзнің өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол мен арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған. Тіпті бар оқиғаның қалай болғанын түгелдей түсіндіріп беріпті. Хат соңында қай күні жазылғаны және Жайлаубек Халықұлының қолы бар.

telegramtelegram
telegram

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін тергеу изоляторынан оның өлі денесі табылғанын жазған еді. Генерал-майор өз-өзіне қол жұмсаған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров