Көлік

Алматыда бірдей мемлекеттік нөмір таққан екі көлік анықталды

Экспресс К

Видеодан кадр

Нөмірлері бірдей көліктерді полицейлер анықтап, оларды айып тұрағына қойды. Ресейде тіркеуде тұрған көліктің иелеріне қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, Алматы көшелерінде Toyota Estima маркалы екі көлік бірдей нөмірмен жүйткіп жүрген. Тексере келе екі көліктің нөмірлерінен бөлек құжаттары да бірдей екені анықталды.

Алайда қазіргі иелері көліктерін заңды түрде сатып алғанын алға тартып отыр. Екі шетелдік көлік те мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын бастады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров