"Сайкал!" Есімі ерсі естілетін әнші Ерке Есмаханға бәсекелес бола бастады


Ерке Есмахан және Сайкал Садыбакасова
Ерке Есмаханның шығармашылығынан шикілік шықты. Оның репертуарындағы хит қырғыз елінің әні екенін желідегі жұрт байқап қойған, деп хабарлайды Экспресс К
Ерке Есмаханның орындауындағы "Еркелей берем" әні плагиат болып шықты. Ол қырғыз әншісі Сайкал Садыбакасованың авторлық туындысын өз репертуарына қосып алған. Аталмыш хитті көрші елдің өнерпазы 2020-ның басында жарыққа шығарса, Ерке сол жылдың соңында тыңдарманға ұсынған. Осы уақытқа дейін тек қазақша баламасын тыңдаған көпшілік, қырғыз әншісінің орындауындағы тұпнұсқасын жоғары бағалап отыр.
"Еркелеп жүре бер, Сайкал, бақытты бол. Авторлық әнің керемет. Қазақ елінен сәлем. Шымкенттен", "Сайкал да, Ерке де әдемі айтады. Өлең керемет. Бір тыңдағаннан ғашық болып қалдым. Қазақ-қырғыз бір туған. Жарайсың",


Ерке Есмахан көрші елдің көшірме әнін қазақшаға аударып, ақын Қайнар Алагөзовке мәтінін жаздырған және жеке клип те түсіріліп үлгерген. Бүгінде аталмыш бейнебаян 5 миллионға жуық қаралым жинапты.
Экспресс К бұған дейін Еркенің әлеуметтік желіге тыржалаңаш суреттерді жариялағаны туралы жазған болатын. Сондай-ақ, Ерке Есмаханның жас жігітке бір түнін арнағаны жайлы материал да ғаламторда қызу талқыланған еді. Кейін әнші сыртқы келбетін доллардың көмегімен өзгерткені жайлы ашық айтты.
Оқи отырыңыз:
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу