Электр энергия

Қазақстанда тамыз айында электр энергиясының бағасы өседі

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ел тұрғындары қыркүйекте электр энергиясы үшін қымбаттаған тариф бойынша төлейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, тариф шілде айында өсетін болса, тексеру жүргізіледі.

Егер комитет тарифтің негізсіз өсуі шілде айында болғанын анықтаса, онда пайда тапқан операторлардың табысын қайтарып аламыз. Баға нақты қаншаға өскенін қыркүйекте білеміз,

— деді Тимур Қосымбаев.

Шенеуніктің айтуынша, электр энергиясы бағасының өсуіне, негізінен, газ бен стратегиялық тауарлардың қымбаттауы әсер еткен.

Бұған дейін дизельдің100 литрге дейін 260 теңге, одан артық алғандарға 450 теңгеден берілетінін жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров