Суицид

Алматыда жас қыздың 25-қабаттан секіріп кеткен сәтінің видеосы тарады

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің ұшар басынан секіріп кеткен қыздың құлаған сәті тарады. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Экспресс К

25-қабаттан секіріп өлген бойжеткеннің бейнежазбасы HALYQSTAN telegram-арнасында жарияланды. Видеода көпқабатты тұрғын үйдің ұшар басынан төмен құлаған адамды көруге болады. Тіпті жерге түскенде "гүрс" еткен дыбысты да естисіз.

Назар аударыңыз, жүрегі әлсіз адамдар көрмей-ақ қойғаны абзал! 25-қабаттан құлаған қыздың бейнежазбасы пайда болды,

— деп жазылған видеоға.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болғанын жазған еді. Түнгі мезгілде белгісіз бойжеткен 25 қабаттан секіріп, оқиға орныда көз жұмды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров