Аққу

Аққудың басын кесіп, етін жеген отбасының әрекеті әшкере болды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Pixabay

Құсты тұрғындар саябақтан ұстап алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жаңалық Instagram әлеуметтік желісінде таралды. Жаға ұстатар жағдай Өзбекстанда болған екен. Жануарларды қорғау ұйымы өкілдерінің айтуынша, саябақтың қоршауынан шығып кеткен аққуды сол маңда жүрген жасөспірімдердің бірі ұстап алып, үйіне әкетіп қалған. 13 жасар бала құстың басын кесіп, жақындарымен бірге етін палауға қосып жеген. Үйіндегілердің айтуынша, олар аққуды қаз деп ойлап қалған көрінеді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров