Емші

Әлеуметтік желіде жұртты онлайн емдейтін адам пайда болды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Омарбек Балтабаев / @baltabaev_omarbek

Өзін халық емшісі, көріпкел деп таныстыратын жігіт әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында ем-дом жасауға көшкен, деп хабарлайды Экспресс К.

Омарбек Балтабаевтың жеке парақшасында емдеу сеанстары көптеп кездеседі. "Емші" тісі ауырып, көзі көрмей қалғандардың, аяқ-қолы қақсайтындардың дертін демде жазып жібереді екен. Сондай-ақ ол Құран аяттарын оқу арқылы дем де салады екен. Тіпті жүре алмай қалған адамдарды аяғынан тік тұрғызатын қасиеті бар көрінеді. Ем-домның бәрі әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында өтеді.

Оның мұндай қызметі үшін ақы алатыны не болмаса көмекті тегін көрсететіні белгісіз. Жігіттің өзі онлайн ем арқылы адамдарға көмектесуге болатынына сенімді.

Бұрындары молда кісілер адамның әкесінің атын жазып алып, түрін көрмей-ақ емдеген. Суретке қарап та ем-дом жасаған. Оларға қарағанда Инстаграмнан оқыған оңай. Сондықтан онлайн ем дұрыс,

— дейді Омарбек Балтабаев.

Бұл видеоларды көргендердің дені Балтабаевтың көмегіне жүгінгісі келетіндіктерін жазыпты. Сондай-ақ оның мұндай "тәсілі" ешқандай нәтиже беруі мүмкін емес дегендер де жетіп артылады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров