Әскер

Зимбабве әскерилері Отардағы мәдениет үйі сахнасының шаңын шығарды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Қара құрлықтан Жамбыл облысына келген жауынгерлер би билеп, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Зимбабве әскерилері елімізге "АРМИ-2022" халықаралық ойындарына қатысу үшін келген. Гвардейск әскери полигонында өтіп жатқан бұл шараға әлемнің 8 елінен жауынгерлер жиналған. Әлеуметтік желіде таралған жігіттердің биі Гвардейск әскери қалашығындағы мәдениет үйінде түсірілген. Онда күн сайын шетелдік әріптестерге арналған концерттер ұйымдастырылып тұрады екен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров