Сергей Кулагин

"Әулие Сергей". Кулагин Қостанай облысының құрметті азаматы атанды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

© Николай СОЛОВЬЕВ

Облыстық мәслихат депутаттары сессия отырысында экс-әкім Сергей Кулагинге мәртебе беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Экспресс К

Тобыл-Торғай өңірінде 2004-2012 жылдары әкім болған шенеунікке қала күні қарсаңында "Қостанай облысының құрметті азаматы" атағы берілгелі отыр.

Сергей КулагинСергей Кулагин
Сергей Кулагин

Сергей Витальевич — мемлекет және қоғам қайраткері. Көптеген мемлекеттік марапаты бар. Көкшетау қаласының құрметті азаматы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды. Қостанай облысында әкім болып тұрғанында өңірдің дамуына зор үлес қосты,

— деді облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов.

Оған атақ беруді экс-мәжілісмен Сергей Жалыбин бастап, жергілікті әлеуетті кәсіпкерлер және бұрынғы аудан басшылары ұсынған. Бұл жаңалыққа облыс тұрғындары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

"Әулие Сергей", "Қаншалықты лайық? Қандай керемет еңбегі сіңіп еді?", "Айтарға сөзім жоқ", "Оның бейнесі әулиелер қатарында тұрған жоқ па, оған жердің қайдағы жоқ атағының керегі не?", "Бір нысанды салу үшін екіншісін бұзып отырды", "Бір ғана кинотеатрды бұзғаны үшін оны ұзақ уақыт кешіре алмаймын", "Бүкіл облыс тұрғындарының бетіне түкіргендей қылыпты", — деп жазды желі тұтынушылары.

Керісінше, оның облыстың өркендеуіне сіңірген еңбегін бағалап жатқардар да бар.

Айта кетейік, ол Рудныйдағы Иоанн Богослов шіркеуінің күмбезіне өз суретін салдыруымен қостанайлықтардың есінде қалған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров