Жарылғыш зат

Қоңырауы жалған, жазасы шынайы. "Лаңкес" 15 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Видеодан кадр

Талдықорғанда лаңкестік әрекет туралы жалған хабар берген тұрғын жазаға тартылады, деп хабарлайды Экспресс К.

44 жастағы талдықорғандық облыстық полиция ғимаратына "жарылғыш зат қойылғаны" туралы хабарлап, саперлер мен кинологтарды аяғынан тік тұрғызған еді. Кейін қолға түскен "қалжыңбас" көпшіліктен кешірім сұраған. Ол мұндай әрекетке мастықтан барғанын айтты. Бірақ айыпкер қанша жерден ақталғанымен, қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды.

Ол 15 миллион теңгеден астам сомада айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін,

— деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Полиция департаментіне мина қойған "лаңкестің" қолға түсіп, кейін қала тұрғындарынан кешірім сұрағаны туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров