Ұрлық

Тараз тұрғыны ресейлік көліктерді ұрлап, басқа өңірлерге сатып отырған

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Ол осыған дейін бас-аяғы 13 ВАЗ-ды қолды еткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Күдікті 14-іншісін ұрлау кезінде ұсталды. Тараз қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі шағымданған. Оның иелегіндегі ВАЗ маркалы көлікті қаладағы ықшамаудандардың бірінен әлдебіреулер түнгі мезгілде айдап әкетіпті. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қала аумағында Ресейдің мемлекеттік тіркеуіндегі ВАЗ-дарды ұрлап, басқа облыс тұрғындарына төмен бағада сатып отырған екен.

Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 200-бабы 1- бөлігімен

сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,

— деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров