Қазақтар

Шетелдік ғалым қазақтардың шығу тегі туралы жаңа теориясын жариялады

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Джу Юп Ли / © Марина ХЕГАЙ

Түркі-парсы зерттеулерінің маманы Джу Юп Ли бұл тақырыпта кітап жазып шыққан, деп хабарлайды Экспресс К.

"Караван" газетінің жазуынша, Джу Юп Ли "QAZAQLÏQ және қазақтардың қалыптасуы. Постмонғолдық орталық Еуразиядағы мемлекет және сәйкестік" деген еңбегінде қазақ халқының шығу тарихын жаңаша сипаттаған. Оның пайымынша, қазақ ұлтының пайда болуы "қазақылық" феноменімен тікелей байланысты.

Qazaqlik — өз мемлекетін немесе руын тастап кету немесе шекаралық аймақтағы еркін қарақшының өмірін қамтитын саяси көшпеліліктің бір түрі болды,

— деп түсіндіреді автор.

Автордың пікірінше қазақы өмір салты көптеген көшпелі тайпаларға ерте орта ғасыр кезеңінен тән болған. Сондықтан ол қазақтардың пайда болуын көшпелі халықтардың бірігуі немесе Қазақ хандығының құрылуымен байланыстырмайды. Керісінше, "қазақылық" өмір салтына көшкен ұлыстар мен тайпалардың бөлінуі қазақ ұлтының пайда болуына әсер етті деп пайымдайды автор.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров