Тұрғындар

"Секта ма?" Түнде жалаңаяқ шоқ басып жүрген адамдардың әрекеті елді шошытты

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Олардың мұндай жолмен өз-өздерін не үшін қинап жатқаны белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл бейнежазба дәл қазір әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Видеода 50-ден астам адам қызып тұрған шоқты жалаңаяқ басып, әрі-бері өтіп жүр. Арасында әйелдердің де бар екені байқалады. Белгісіз топты костюм киген бір адам басқарып жүр. Неге екені белгісіз, шоқ басып өткендердің кейбірі ерекше қуанышты.

Видеоны көргендердің бәрі аң-таң болған. "Секта ма ?", "Мәңгүрттік", "Отқа табынатындар" деген пікірлер айтылыпты. Кей қолданушылар бұл әрекет психикалық тренингтердің бірі болуы мүмкін деп болжаған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров