Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан қамауда жатқан Қайрат Сатыбалдыға қатысты құпияны ашты

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Ашық көздерден алынған фотосуреттер

Экс-депутат Бекболат Тілеухан дәл қазір тергеуде жатқан Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынасы туралы алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды Экспресс К 

Тілеуханның айтуынша, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісімен бұрыннан жақсы араласқан екен. Бекболаттың ендігі арманы — Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шығуы.

"Қайрат — менің жан досым, бауырым. Қайратты мен жақсы көремін, дұға қыламын. Алла тезірек мына сынағынан құтқарсын деп ойлаймын. Бірақ "Қайрат қамалғалы ләм-мим демедің" дейді. Мысалы, өзінің әкесінің орнындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі ештеңе демеді. Біз азаматтық мемлекетте тұрып жатырмыз, тергеу ісіне араласуға болмайды дейді. Менің ұлттық спортқа келуіме себеп болған адам — Қайрат. Мен жұмыссыз қалғанда, осыған ие бол, көмектесіп жіберші деді. Сөйтіп жұмысқа кірістік", — дейді Бекболат Тілеухан.

Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан бұл сұхбатында "Қайрат Сатыбалды Қазақстандағы жат ағым өкілдерінің көшбасшысы" деген ел арасындағы әңгімеге қатысты да пікір білдірді.

Оттай береді. Кім не демейді, сиыр не жемейді? Жаланы жаба береді. Негізі Қайрат өте заманауи адам. Ол мүлдем жаңағы нәрсеге келмейді. Иә, ол намазын оқиды, сөз жоқ. Ол діннің кейбір нәрселерін түсінбейді де,

— дейді Тілеухан Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров